Жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 5-18 қаңтар аралығында Алматыда 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан, рапид пен блицтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс 9 кезеңде швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санатындағы ҚР Чемпиондары 2020 жылы классикалық шахматтан жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санатындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері 2020 жылы классикалық шахматтан жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне (2014 жылға дейін дүниеге келгендер) медальдар, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етіледі.

2014 жылы дүниеге келген және одан жас жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталады. Чемпионаттың ұйымдастыру комитеті қосымша сыйлықтар бекіте алады.

Турнирдің ресми жалпы сыйлық қоры - 2 000 000 теңге.


Соңғы жаңалықтар