Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның Блэкпул қаласының 16 жастағы тұрғыны Коннор Стюарт достарының көңілін көтеру үшін алдарынан кездейсоқ шыққан қаңғыбас Майкл Роудсты ұрып өлтірді, деп жазады Daily Mail.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жасөспірімдердің өздері түсірген видеодан үй-күйсіз жүрген адамның жастармен қақтығысқа баруды қаламай тұрғаны ашық көрінеді. Майкл Роудсты арқа қарай шегінбек болғанда Коннор басынан ұрады.

Кадр артынан: «Қан ағып жатыр, оны өлтірдің!» деген дауыстар естіледі.

Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға соңында басы жарылып, миына қан құйылған Майкл Роудс ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол үш күннен соң көз жұмған.

Ессіз әрекетке барған жасөспірімдер оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін оларды құқық қорғау орган қызметкерлері ұстады.

Сотта Коннор Стюарт қаңғыбасты өзін қорғау үшін ұрғанын айтып ақталған. Алайда оны дәлелдей алмады. Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар