Жасөспірім әкесінің көлігімен екі адамды қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 2001 жылы туған жасөспірім әкесінің көлігімен екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 18:30 шамасында Жеңіс пен Мәскеу көшелерінің қиылысында тіркелген жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Митсубиси маркалы автокөліктің жүргізушісі Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген белгісі бойынша келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан із суытып кеткен. Астана қалалық ІІД ЖПҚ іздеу бөлімі мен жол-патрульдік полициясы полкінің тәртіп сақшылары Мәскеу көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан құқық бұзушыны бірден тауып алып, ұстады. Ол адам 2001 жылы туған жасөспірім болып шықты (әкесінің көлігін айдаған)», - деп хабарлады Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта ата-аналардың қатысуымен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1983 және 1977 жылғы жаяу жүргіншілер әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Фото: people.in.ua

Соңғы жаңалықтар