Жасмин Тілеумбетова «Славян базары» конкурсында жүлдеге ие болды

None
None
ВИТЕБСК. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жасмин Тілеумбетова «Витебск-2020» және «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық конкурсында екінші жүлдені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта агенттігіне сілтеме жасап.

Витебскіде «Витебск-2020» және «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық конкурсының қорытындысын шығарды. Гран-приді белоруссиялық қатысушы Ангелина Ломако еншіледі.

Литвадан келген Криступас Кэрулис конкурстың I жүлдесіне ие болды. Екінші жүлдені қазақстандық Жасмин Тілеумбетова және ресейлік Владимир Серков өзара бөлісті.

Молдовалық Богдана-Бьянка Вистерничану және украиндық Анастасия Мартынюк III жүлде лауреаттары атанды.

Биылғы жылы «Славян базары» балалар конкурсына 17 елдің өкілдері қатысты. Бұл өнер байқауы 18 шілдеде өткізілді.


Соңғы жаңалықтар