+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жасанды «өнім» таратып келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді - Атырау

2017 жылғы 1 маусым 21:15
Бөлісіңіз:
Жасанды «өнім» таратып келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді - Атырау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасанды «өнімін» ел бойынша емін-еркін саудалап келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім басшысы Мәди Мұхсанов мәлім етті.

Оның айтуынша, цехтарда «Пиала» шайы, «MacCoffee» кофесі, «Mobil» мотор майы логотиптерімен және ірі алкогольді компаниялардың ресми дистрибьюторы болып табылатын «Стэлл», «Вавилон», «ПерноРикар Казахстан», «ChivasHoldingsLimited», «MartellandCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тауар белгілері жапсырылған контрафактілік өнімдер еш кедергісіз дайындалып келген.

«Өткен жылы ғана Атырау облысы мемлекеттік кіріс департаменті «Айал Снаб Сервис» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі істі тіркеді. Аталмыш компания Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшамауданы, Аюпова А., 42, Элеваторная, 4 мекенжайларында орналасқан цехтарды жасырын құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп келген. Ол цехтарда «Shell» маркасымен жалған мотор майы, яғни контрафактілік өнім дайындалған» деп атап өтті Мәди Мұхсанов.

Баян Жанұзақова

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT