Жасанды интеллект жазушылардың көмекшісіне айнала бастады - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әлемдік ақпарат көздеріне апталық шолуды ұсынады.

Ерекше құбылыс: Жапонияда күзде сакура гүлдеді - ВВС

null Жапонияға әр көктем сайын сакуралардың гүлдеуін тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. Ал бұл жолы елде ерекше табиғи құбылыс байқалыпты. ВВС басылымының хабарлауынша, Жапонияда күз айларында сакура гүлдей бастаған.

«Климатологтардың айтуынша, бұл құбылысқа тайфундар әсер еткен болуы мүмкін. Ал Жапонияның өсімдіктермен жұмыс істеу ассоциациясының басшысы Хироюки Вада бұрын да сакураның басқа уақытта гүлдеуі болғанымен, биылғыдай масштабта байқалмаған айтады», деп жазады басылым.

Мақала авторы жазғанындай, биыл тайфундар кесірінен сакура ағаштары жапырақсыз қалған. Сонымен қатар тайфун температураны арттыратындықтан, сакура енді күзде гүлдеп жатқан болуы мүмкін. Ал Ваданың айтуынша, бұл ағаштар енді келесі жылы гүлдемейді. «Дегенмен, бұл келесі жылы сакураның гүлдеу кезеңіне өте көп әсер етпейді. Қазан айында сакураның гүлдеп жатқаны туралы үш жүзден астам тұрғын хабарлады. Биыл Жапонияда бірнеше тайфун болды. Оның ішінде 25 жылдан кейін болған Джеби тайфунынан ең кемі он адам қаза тапқан болатын», деп жазады автор.

Инженерлік дизайн саласындағы Дайсон сыйлығына үміткерлер анықталды - The Guardian

null Халықаралық Дайсон премиясына жиырма үміткер іріктеп алынды. The Guardianбасылымының хабарлауынша, үміткерлер арасында картоптан жасалған ыдыс-аяқ, өзен-көлдердің ластануымен күресетін тазалағыш робот секілді жобалар бар.

«БҰҰ мәліметтеріне сенсек, бүгінгі таңда әлем халқының жартысынан астамы қалаларда өмір сүреді. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш ұлғаяды деп күтілуде. Іріктеп алынған жобалар технологияларды қала өміріне бейімдеуге, адамдардың болашағына бағытталған. 81 жобаның ішінен іріктелген 20 финалистің қайсысы жеңімпаз атанатыны қараша айында белгілі болады», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жеңімпазға 40 мыңға жуық доллар беріледі. Ал дизайн мен жаңа технологиялар бойынша Дайсон премиясының вице-президенті Питер Гаммак биылғы жобалардың бірінен-бірі өтетінін айтып отыр.

«Биыл жас инженерлер жаһандық проблемаларды шешуге өз үлестерін қосуды жөн санапты. Олар жаңа технологгияларды ең жақсы болашақты құрудың катализаторы ретінде көреді. Олар өнертапқыштықтықтың революциясын көрсетті», депті вице-президент.
null 

Мысал ретінде мақалада финалистердің бірі, швед студентінің пластиктерге балама ретінде картоп крахмалынан картофельді пластик жасағаны айтылады. Бір ерекшелігі, мұндай материал екі айдың ішінде жойылады.

«Бүгінгі таңда судың ластануы да жаһандық проблемалардың біріне айналды. Жыл сайын Ұлыбританияда су ресурстарын басқарудың тиімсіз жүйесі кесірінен 3,1 млрд литр су шығындалады. Ал жоба финалистерінің бірі су құбырларын тазалайтын робот жасапты. Қытайлық студент өз еңбегі туралы айта келе, Қытайда аптасына бір рет сусыз жүретіндерін еске алды. Бұл энергожүйе мен сумен қамту жүйесіне түсетін салмақты азайту үшін жасалған екен. Студент құбырдағы ақаудың кесірінен күн сайын әлемдегі таза судың 20%-ы жоғалатынын білген кезде суды сақтап қалу туралы ойланып, осы жобаны қолға алыпты», деп жазылған мақалада.

Тағы бір жоба - өзен-көлдерді тазалайтын робот. Оны Қытайдағы Солтүстік-батыс политехникалық университет студенттері құрастырыпты. Бұл робот суды қолмен тазалауға арналған құрылғыларға қарағанда жеті есе жылдам жұмыс істейтін көрінеді. Бұдан басқа медицина мен денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған жаңа технологиялар да іріктелген. Мысалы, дәріні инесіз егуге мүмкіндік беретін тест, емделушінің денесіндегі сұйықтық мөлшерін өлшеп, мониторинг жасауға арналған интеллектуалды жүйе бар.

Жасанды интеллект жазушылардың көмекшісіне айнала бастады - The New York Times


null Біз жазушыларды бір бөлмеде өзі жалғыз отырып шабыттанатын, идеяларымен оңашада қалатын адам ретінде көреміз. Бірақ The New York Times басылымының жазуынша, бұл ойымыз жақын арада ескі күннің қалдығына айналады.Мақалада Робин Слоун есімді жазушы оның сөйлемдерін аяқтайтын бағдарлама арқылы кітап жазып жатқаны айтылады.

«Романист, прозаик, жазушыларды да жасанды интеллект жұмысынан айыра алатын мамандық ретінде қарастыра алмаймыз. Дегенмен, Слоун мырзаға қарап бағдарламалар мүмкіндігінің шығармашылыққа да келгенін көре аласыздар. Ол кез келген жерде мәтін фрагменттерін өзіне хабарлама арқылы қысқа үлгіде жіберіп, ұзақ мәтін жазуға кейін кіріседі. Кіріскенде де, ол сөз тіркестерін компьютерге жазады. Арнайы бағдарлама өз кезегінде сөйлемді қалай құрастыруға болатынын көрсетеді. Автор «Бұл фантастика. Мен кейде керемет сөз тіркестерін таба алмас едім.  Ал компьютер алдыңғы сөздерге анализ жасап, өзі ұсынады», дейді. Және бұл оның көңілінен шығатын көрінеді», деп жазылған мақалада.

null 

Материалда осы бағдарламаның жасанды интеллект екені және ол жазушыға көмектесетіні айтылады. «Хантер Томпсон Ф. Скотта Фитцджеральд стилінде жазғысы келіп, «Ұлы Гэтсби» кітабын бірнеше рет көшіріп жазған. Яғни, бұрынғы оқырман кейін жазушыға айналады. Слоун мырза да көп оқып, ізденіп, компьютерлік бағдарламалаудың мүмкіндіктерін пайдаланып көргісі келген. Қытайдың Alibaba электронды коммерциялық компаниясының өкілдері қаңтар айында жаһандық анализде мәтінді түсіну бойынша адамнан да асып түсетін бағдарлама жасағанын айтқан еді. Егер машина оқи алса, неге оларға мәтін жазбасқа?», деп жазады басылым.

Балалар саясат туралы білуі керек пе? - CNN

null CNN балалар кітап арқылы қиялға ерік бере алатынын сезіну керектігін айта келе, бүгінгі таңда балаларға арналған әдебиеттің де саясиланып кеткеніне алаңдаушылық білдіреді. Сол себепті балаларға саясат туралы, оның көлеңкелі тұстары мен басқа да ерекшеліктері туралы айтудың маңызды екеніне назар аударады. «Балалар белсенді болуы керек пе?» атты мақалада автор балалардың белседілігінен гөрі жалған сенімділігінен қорқу керектігін айтыпты.

«Олар өзінікі ғана дұрыс, басқаның ойы қате немесе өзі ғана жақсы, өзгелердің бәрі жаман деген оймен өспеуі керек. Балалар басқалардың да ойына құлақ асуы керек. Бірақ бұл олардың қолынан келе ме?» дей келе автор ата-аналар балалармен саясат туралы әңгімлесуден қорықпау керектігін жазған.

«Нью Йорк медицина мектебінің профессоры, психиатр Гейл Сальцтың айтуынша, бала дайын болмаса да, ол саясат туралы білуі керек. Бала саясаттың нюанстары мен кейбір көлеңкелі тұстары туралы бәрібір БАҚ пен қатарластарынан естиді. Дегенмен ата-аналары арқылы білгендері жөн болады», деп жазады автор.

null 

 Оның айтуынша, балаға проблемаларды емес, құндылықтарды назарға алуды үйрету керек. 

Технология жұмыс орындарын азайта ма? - Forbes

null Forbes журналында жарияланған мақалада осы күнге дейін ақпараттық технологиялардың жұмыс өнімділігіне әсері туралы жиі айтылып келе жатқанына назар аударылады. Сосын 1980 жылдардан бері технология жұмыс орындарын азайтып, тіпті кейбірі технологиялардың өнімділікке кедергі келтіретіні туралы жиі айтатыны жазылған.

«Технологиялардың дамуы автоматты түрде өнімділікті бірден арттырмайды. Бүкіләлемдік экономикалық форум баяндамасында Гарвард профессоры Джеффри Франкель технологиялық дағдарыстың жақсы жақтары да жаман жақтары да бар екенін айтқан. Технология адамдардың жаңа нәрсе үйреніп, жаңа білімді меңгеруін талап етеді. Жұмыс орындарында адамдарда қауіпсіздік проблемасы болады және олардың назары басқа жаққа аулануы, сол арқылы жұмыс өнімділігі төмендеуі мүмкін», деп жазады басылым.

Жақында Wall Street Journal басылымында технология жұмыс орындарында осы күнге дейінгі бар процесті автоматтандыру үшін, жұмысты жеңілдету үшін керек екені айтылған көлемді материал жарияланды. Осы материалға тоқтала келе автор бүгінгі таңда көптеген мекемелер цифрлық трансформацияға көп ақша салып жатқанын айтады.

«Біз цирфлық ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен, дәл қазіргі жылдар технологиядағы жаңалықтардың, жасанды интеллектінің, бұлтты технология мен робототехниканың ең бастапқы сатысы ғана. Ал оның жұмыс орындарына әсері туралы дөп басып айту әзірге қиынға соғады», деп жазады автор.   

Соңғы жаңалықтар