Жасанды интеллект заманында креативті ойлайтын адамға сұраныс артады - Нұралы Құдайбергенұлы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Техника мен технологияның, роботтар мен жасанды интеллектінің даму заманында креативті ойлай білетін адамдар қажет. Танымал қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының ғылыми жетекшісі Нұралы Құдайбергенұлы осындай пікірде.

«ХХІ ғасырдағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық сын-тегеуріндер» атты халықаралық семинар аясында «ҚазАқпарат» тілшісі ғалыммен азырақ сұхбаттасқан болатын. Ол қазақстандық білімдегі жаңа сын-тегеуіріндерге, дамыған елдермен қатар болуы үшін қандай буын тәрбиелеу қажеттігіне қатысты ойымен бөлісті.

Нұралы Құдайбергенұлының атап өтуінше, жаһандық экономикалық дағдарыс пен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстан қазірден бастап-ақ креативті ойлай білуге қабілетті және серпінді инновацияны жасауға қабілетті жаңа мамандары әзірлеуге ден қоюы қажет.

«Роботтар мен жасанды интеллекті дәуірінде олар жылдам өзгермелі әлемге тез арада бейімделе алатын және үздіксіз білімін жетілдіруге қабілетті буын болулары қажет. Басқаша сөзбен айтар болсақ, қазірден-ақ өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және шыңдауға қабілетті адамдарды дайындау керек. Бұған қоса, ақпараттық ағынның экспоненциалды өсімі дәуірінде адамға ақпараттарды сенімді өңдеу, ақпараттардың сенімділігін ажырата білу, тез сараптама жасап, тәуекелдер мен айқынсыздық жағдайында оң шешім қабылдау сынды қабілеттер де қажет. Адамдар кешенді ойлай білуі тиіс», - деді ғалым.

Н.Құдайбергенұлының пайымынша, білім мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналады. Сондықтан қазақстандық білім жүйесі де болашақ заманның талаптарына жауап бере алуы керек.

«Білім - бұл барлық дамуға тірек болуы тиіс іргетас. Қазіргі уақытта бізде артта қалып қоюға болмайды. Егер Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған 2050 жылы 30 дамыған елдің қатарына кіру міндетін орындағымыз келсе, онда ол үшін үздік адами капиталды дайындауымыз қажет. Балалардың шығармашылық және кешенді ойлай білуін дамытуға тиіспіз. Олар әлемді танып-білуді үйреніп, өздерін дамытуы, барлық проблемаға өзіндік көзқарасы болуы тиіс және кез келген проблеманы шеше алуы қажет. Бұған қоса, осынау материалдық әлемде, молшылық пен сын-қатер әлемінде олар жауапкершілік, қауіпсіздік және руханиятты да дамытуы керек», - деді Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының басшысы.

Оның айтуынша, бірнеше жылдан бері Қазақстан мектептерінде үш өлшемді және бес өлшемді білім берудің бірегей отандық және шетелдік әдістері қолданылуда. АҚШ, Еуропа және Азияның білім беру саласындағы үздік жүйелері енгізілуде.

«Қазақстанда халықаралық білім тәжірибесін қолданатын Назарбаев зияткерлік мектебі сынды мықты мектептер құрылып жатыр. Мәселен, бес өлшемді білім жөніндегі корей ғалымы Уон Дон Еннің әдістемесі Қазақстанның кейбір мектептерінде бейімдеуден өтуде. Ол интеллектуалды, эмоционалды, физикалық өзін-өзі басқару және коммуникативтік қабілетті дамытуды көздейді. Қазақстандық ғалымдар да білім беру саласында түрлі әдістемелер әзірлеуде. Айталық, білім беру саласының жетекші ғалымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Жауымбай Қараев оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің технологиясын әзірледі: көпдеңгейлі (игеру шамасы, мотив, белсенділік, икемділік және білім сапасы), иерархиялы ( мақсат, мазмұн, әдіс, форма бағыныштылығының тәртібі және оқу құралы). Онда оқушылар түрлі деңгейлі тапсырмаларды өз бетімен игеруді үйреніп, белгілі бір балл алады және ол тақта шетінде ілінген «ашық түсті журналға» қойылады», - деді ол.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық білім беру - «Цифрлық мектеп» кешенді жүйесі үшін оқыту мен оқудың интеллектуалды технологиясы әзірленген.

Нұралы Құдайбергенұлының пайымынша, қазақстандық мектептер цифрлық интеллектуалды технологияларды оқытуды толықтай көлемде қолданылуы тиіс. Толықтай алғанда, ғалым цифрлық технологияларды мемлекеттің барлық саласында қолдану республикамыздың әлемдің аренадағы позициясын айтарлықтай жақсарта түседі деп санайды.

Соңғы жаңалықтар