Жасанды интеллект экономиканың дамуына қалай әсер етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Оксфорд университеті жаһандық даму профессорының айтуынша, жасанды интеллект миллиондаған жұмыс орнын жойып, дамушы мемлекеттер экономикасына кері әсер ететін болады, деп жазады ВВС басылымы.

«Оксфорд университетінде құрылған зерттеу тобы дамыған технологиялардың дамушы экономикаға әсерін зерттейді. Оптимистер дамушы мемлекеттер жасанды интеллект жүйелерін пайдаланып, өнімділікті арттыра алатынын айтып келеді. Ал Оксфорд университетіндегі зерттеушілер жасанды интеллект дамудың дәстүрлі жолын бұзатынын, төмен жалақысы бар жұмыс орындарына роботтарды әкелетінін айтты», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, дамыған елдерде соңғы он жылда автокөлік және аралас салаларда жұмыс орындарының тең жартысын роботтар алмастырған.

«Оксфорд университеті зерттеуіне сенсек, алдағы он жылдықта Еуропадағы жұмыс орындарының 40%-ын, АҚШ тағы жұмыс орындарының жартысынан көбін және дамушы мемлекеттердегі жұмыс орныдарының көпшілігін автоматты жүйелер алмастыратын болады.

.

Соңғы жаңалықтар