Жасанды интеллект дәрігерлердің көмекшісіне айналады - The New York Times

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The New York Times басылымының жазуынша, жыл сайын миллиондаған америкалықтарға дәрігерлер қате диагноз қояды. Болашақта оның алдын алу үшін жасанды интеллект көмегіне жүгінуге болады.

«АҚШ пен Қытай ғалымдары бірлесіп жасанды интеллектіні медицинада пайдалану жобаларын қолға алды. Nature Medicine журналында жарияланған мақалада ғалымдар автоматты түрде диагноз қоятын жүйе ойлап тапқанын айтқан», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бүгінде жасанды интеллект медицина саласына ене бастаған. Мысалы, Google электронды медициналық карталарға бақылау жасап, диабет, гипертония немесе жүрек қан тамырлар ауруын ерте анықтауға мүмкіндік беретін жүйе құрастырған.

Мақала авторы енді аталған жүйені кең көлемде зерттеп көру керектігін жазады.

Соңғы жаңалықтар