Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық өнертапқыш, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск жасанды интеллект адамзатқа қауіп тудырады деп есептейді. Бұл туралы Fortune сайты жазды.

«Роботтар жалған электрондық почталарды пайдалана отырып, ақпарат және баспасөз релиздерін таратып, адамдарды ақпаратпен басқара алады. Қалам - қанжардан да күшті», - деді Илон Маск губернаторлардың ұлттық қауымдастығында өткен кездесуде.

Масктің айтуынша, озық техника жасаумен айналысып жатқан адамдар жасанды интеллектің осы сияқты қауіптерін ескермей отыр. Сондықтан да ол осы салада мемлекеттік реттеулерді енгізу қажет деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар