+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Жас ұланға» қабылдау үшін 1,2 млн теңге пара алған мектеп қызметкерлері ұсталды

2020 жылғы 9 шілде 16:49
Бөлісіңіз:
«Жас ұланға» қабылдау үшін 1,2 млн теңге пара алған мектеп қызметкерлері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз қаражат алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғаларын талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 млн теңге сомасындағы қаражатты заңсыз алу күдігі бойынша әшкереледі», - деді Қайсар Баржақсынов.

Оның атап өтуінше, аталған тұлғалар қылмыс жасағандықтарын толық мойындаған.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында, басқа жағдай тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT