+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады

2019 жылғы 14 тамыз 13:55
Бөлісіңіз:
«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне оқуға қабылдау жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады Алматыда үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ - әкімдік Елорда мектебіндегі баллон оқиғасы: Оқушы аяқ киім кремі деп ойлаған

«Әскери мектепке жалпы білім беру мектебін бітірген 9-сынып түлектері мен 15 жасқа толған (бұл жастан кем болмауы тиіс) жасөспірімдер іріктелініп алынады. Алайда болашақ әскери қатарға қосылушылар бірнеше кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Іріктеу кезеңнің басты шарты – арнайы құжаттарды тапсыру, сондай-ақ бозбалалар психологиялық, дене даярлығы және медициналық куәландыру бойынша тест тапсырады», делінген хабарламада.

Барлық кезеңнен өткен талапкер соңғы шешуші кезеңге жолдама алады. Қабылдау комиссиясы аталған үш кезеңнің нәтижесі мен орта мектепті бітіруді растаушы құжат бойынша жалпы ұпайды санайды. Бұдан жас ұланның оқуға түсуі шешіледі. Қабылдау комиссиясы 21 тамызға дейін жұмыс істейді. Келесі күні ресми түрде болашақ білім ошағына қабылданушы үміткерлердің қатары анықталатын болады.

Нұр-сұлтандағы қабылдау комиссиясының мәліметінше, елордалық әскери мектепке Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 420-дан астам жасөспірім құжаттарын тапсырған. Биылғы жылы конкурстық іріктеуде бір орынға 3 үміткер талаптанып отыр.

Қабылдау комиссиясы жұмысы аяқталған соң, әскери мектепке қабылдау 22 тамыз күні мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Айта кетерлігі, «Жас ұлан» республикалық мектебі – жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын, сондай-ақ дене шынықтыруды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Бүгінгі таңда «Жас ұлан» мектебінің көптеген бітірушілері Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия және Германия жоғары әскери оқу орындарына түсіп, еліміздің Қарулы күштері немесе өзге елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT