«Жас ұлан» әскери мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінде жаңа оқу жылының бастамасы ретінде алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде «Жас ұлан» тәрбиеленушілерінің алаңда салтанатты сапқа тұрып, оқу ордасының туын шығарудан бастау алды.

Бүгінде төрт әскери мектепте 1200-ден астам жасұландықтар білім алып жүр. Биыл олардың 600-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Мектептерде жыл сайын іріктеу, теориялық және практикалық дайындық сапасы көтеріліп келеді, сондай-ақ, білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық тұрғыдан дамуына ерекше көңіл бөлінуде.

null 

«Жас ұлан» тәрбиеленушісі жастайынан патриотизм, Отанға деген адалдық және махаббат сезімін бойына сіңіріп өседі. Мектеп тәрбиеленушілері мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдетіп оқиды. Сондай-ақ, дене тәрбиесімен айналысады, әскери тәртіпті үйренеді.

Айта кету керек, республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің түлектері білім ордасын тәмамдағаннан кейін әскери іспен айналысуды жалғастыра береді. Олар әскери жоғары оқу орындарына түсіп, ҚР Қарулы күштерінің және тағы да басқа  әлеуетті құрылымдардың қызметкері атанады.

null null 

Соңғы жаңалықтар