Жас театршылар облыстық театр өнері байқауында өнерлерін көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі және қосымша білім беру ұйымдарындағы театр үйірмелеріне қатысушы оқушылардың арасында «Театрдың ғажайып әлемі» облыстық сырттай театр өнерінің байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқау өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі тануға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған.

Іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Целиноград, Зеренді, Жақсы, Сандықтау, Шортанды аудандарынан және Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан 17 театр ұжымы және 8-17 жас аралығындағы 134 оқушы қатысты.

«Драмалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры» аталымдардан қатысушы ұжымдар режиссерлік ой, актерлік ойын, музыкалық шешімі, әсем бейнесі, көркемдік безендірілуі критерийлері бойынша бағаланды.

Әділ қазылар алқасының шешімімен байқаудың Гран при жүлдесіне Атбасар қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығының «Молодость страны» театр ұжымы ие болды.

Бас жүлдегі «Молодость страны» театр ұжымы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы, ал, 1-орынды «Драмалық спектакль» номинациясында – «Водевиль» театр ұжымы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Арман» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы және «Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында – «Фантазёры» театр ұжымы, Бұланды ауданы, Макинка қаласының балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы иеленді.

2-орын «Драмалық спектакль» номинациясында – «Әрекет» актерлік шеберлік студиясы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының «Балалар шығармашылық үйі», «Драмалық спектакль» номинациясында – «Арт-хаус» театр ұжымы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы;

«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында – «Асем-ай» театр ұжымы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №2 орта мектебі.

«Қуыршақ театры» номинациясында – «Смешарики» театр ұжымы, Есіл ауданы, Есіл қаласының балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы;

«Қуыршақ театры» номинациясында – «Жас Шабыт» театр ұжымы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы.

3-орынды «Драмалық спектакль» номинациясында – «Дарын өрендері» театр ұжымы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаты, «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациясында – Кажыбай Бекарыс, Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаты алды.

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар табысталады.


Соңғы жаңалықтар