Жас татами шеберлері Польшадан 7 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты. Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдемен оралды.

Атап айтар болсақ, Ерлан Уналов (55 кг), Билал Болат (60 кг), Сәлімбаев Нұрзат (66 кг) және Шынтас Серікболсын (90 кг) жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп чемпион атанса, Әбілхайыр Ұлықбек (55 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал, Алмазұлы Сүйініш пен (55 кг) Айбар Мұқышев (73 кг) қола медальға қол жеткізді.

Осылайша Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар