Жас таланттарды қолдау үшін арнайы жобалар ашылады - Игорь Рогов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда өтіп жатқан халықаралық білім беру конференциясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов елдегі дарынды жастарға қолдау көрсету туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қорға жүктелген миссияны орындай отырып, ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дарынды жастарға қолдау көрсету керек деген міндеттемесін орындауға тырысамыз. Біздің мақсатымыз әлеуметтік лифтілердің тиімді жүйесін құру, таланттарды қолдау, көшбасшылар дайындау болып табылады», - деді Қорының атқарушы директоры.

Соңғы 10 жылда Қордың сыйлығына 258 ғылым, мәдениет және өнер өкілдері ие болған.

«Осы жылдың тамыз айында қор үкімет, облыс әкімдері, бизнес-қоғамдастықтары және қоғамдық ұйымдары бірлесіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел үміті» атты 14-25 жас аралығындағы дарынды жастарды қолдауға бағытталған бастамасын қолға алды. Жақын арада біз жас талантарды қолдау үшін арнайы жобаларды ұсынамыз», - деді Игорь Рогов.

Естеріңізге салайық, бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де QS World Wide дүниежүзілік конференциясы басталды.

Соңғы жаңалықтар