Жас табиғат қорғаушылар Алматыда бас қосады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең жас табиғатқорғаушылардың «Қазақстан - менің елім» атты республикалық форумы өтеді.

Екі күнге созылатын шарада 80-ге тарта оқушылар мектеп орманшыларының көшбасшылары, мектепішілік экологиялық қоғамдардың өкілдері, белгілі экологтар мен ЖОО оқытушылары қатысады.

Шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, форум жасөспірімдердіңазаматтық позициясын қалыптастырып, экологиялық түсінігін тереңдете түседі.

Жас табиғат қорғаушылары «Болашақ ұрпақтың өмір сүретін табиғи ортасы», «Өмір кеңістігінің экологиясы» атты шығармашылық байқауларда, қоршаған орта туралы фоторепортаждар бәйгесінде бақ сынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар