«Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдау жүріп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар бастамасын қолдауға арналған «Zhas Project» жобасына байқау жариялады. Байқауға қатысуға өтінім 10 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлаймыз. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Жоба байқауына еліміздің 6 өңірінің жастары қатыса алады. Оның қатарында Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облысы бар. «Zhas Project» жастарды елдің экономикасы мен әлеуметтік өміріне тарту және олар ұсынған жобаларды қолдауға бағытталған», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Баймолдинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, байқау нәтижесінде жастардың үздік деген 250 жобасын қолдап, грант беру көзделіп отыр. Жобасын жүзеге асыру үшін авторға 1 млн теңге қаржылай грант беріледі.

«Бүгінде «Zhas Project» жобасының грантына үміткерлерден 24 өтінім келіп түсті. Оның ішінде Алматы облысы бойынша 9 өтінім, Түркістан облысы 7 өтінім, Маңғыстау облысы 6 және 2 өтінім Қарағанды облысынан тіркелді. Байқаудың биылғы ерекшелігі грантты жеңімпаздың қолына қаржылай бермейміз. Себебі қаржыны басқа мақсатқа жұмсап жіберуі мүмкін деген қауіп бар. Біз үшін гранттың өз мақсатына жұмсалғаны маңызды», - дейді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЗТБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман.


Соңғы жаңалықтар