Zhas Project: 1 млн теңгеден 250-ден астам грант бөлінді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған аймақ жастарының бастамаларын қолдауға әрқайсысы 1 млн теңгелік 250-ден астам шағын грант бөлінді.

«Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттарға байқау жариялаған болатын.

Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысты. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар, тұрмысы төмен отбасыларда тұратын жетімдер және мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.


Соңғы жаңалықтар