«Жас Отан» аймақтық филиалдары онлайн-конференциясында Елбасы Жолдауы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының аймақтық филиалдарымен онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуына қойылған міндеттерді орындау үшін жаңа тапсырмаларды жүктейді.

«Жас Отан» жастар қанаты Төрағасының м.а. Ануар Жақыпов қазіргі даму кезінде Президент Жолдауының қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіретіндігін айтып өтті.

Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сәбитов ҚР Президенті Жолдауында алға қойылған міндеттерді қолдады. Мемлекетте бірлікті, тұрақтылықты және ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауда, Қазақстанның халықаралық беделінде, республиканың экономикалық дамуындағы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы баяндады.

Шара барысында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ департаментінің директоры Нұрланов Елдос Болатханұлы «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы туралы атты. Президент өз Жолдауында 2017 жылдан бастап жаңа «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы басталатынын жариялаған болатын. Яғни, мемлекет әрбір адамға алғашқы мамандық беруге міндеттеледі.

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ еріктілері, белсенділері, «Сәтті қадам» партиялық жобасы мен «Жастар кадрлық резерв» жобасының қатысушылары, сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының Төрағалары қатысты. 

Соңғы жаңалықтар