+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Жас Өркен» республикалық балалар байқауына рекордтық өтінім түсті

2021 жылғы 22 маусым 19:03
Бөлісіңіз:
«Жас Өркен» республикалық балалар байқауына рекордтық өтінім түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығына биыл 415 өтінім келіп түскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылар «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы биыл үшінші рет өткізілетінін хабарлады.

«Бұл жолы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен сыйлықтың 14 номинациясына 415 өтінім берілді», - деп жазылған ресми мәліметте. Сонымен сыйлық 14 аталым бойынша үздіктерді анықтайды.

1. «Жас зерттеуші» (олимпиадалардың, зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары, ғылыми жобалардың авторлары); (жас жаңашыл) – 40 өтінім

2. «Жас дарын» (жас актер) - 20 өтінім

3. «Жас толағай» (жас спортшы) -53 өтінім

4. «Жас патриот» (өз ерлігін көрсеткен балалар) – 10 өтінім

5. «Жас эколог» - 30 өтінім

6. «Жас қанат» (жас әнші) - 38 өтінім

7. «Жас биші» - 24 өтінім

8. «Жас блогер» (жас блогер, видеоблогер) - 14 өтінім

9. «Үздік ерік-жігер» (Жас волонтер) - 17 өтінім

10. «Жас ақын» – 30 өтінім

11. «Жас суретші» - 49 өтінім

12. «Жас музыкант» (аспаптар бойынша жас музыкант) – 33 өтінім

13. «Үздік IT бастама» – 15 өтінім

14. «Жас көркемсөз шебері» - 40 өтінім

Үміткерлерге дауыс беру екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде Facebook-тегі ресми топ үміткерлер арасынан дауыс беру «Жылдың халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлерін іріктейді.

«Бұған дейін әр номинация бойынша 10 үміткер іріктелетін. Биыл қазылар алқасының шешімімен квота 20 үміткерге дейін артты. Екінщі кезеңде lubimec.kz сайтында финалға өтетін үздік төрт үміткер іріктеледі», - деп жазылған сыйлық ережесінде.

Сыйлық иегерлерін анықтайтын қазылар алқасының құрамы мынадай:

Бірғаным Әйтімова - мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі;

Динара Зәкиева - Мәжіліс депутаты;

Раиса Шер - ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;

Азиза Шужеева - қоғам қайраткері;

Руслан Қазыбаев - Ақтөбе облысы бойынша «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, балалардың құқығын қорғаушы белсенді;

Айсұлу Шаяхметова - Көкшетау университеті Әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі ;

Әлібек Байнешов - Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі

Насима Қорғанбекова - блогер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT