Жас өнертапқыштар жерасты автотұрақтарын іске асыруды ұсынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орал қаласының жас өнертапқыштары жылжымалы автотұрақтың жобасын жасап, оны іске асыруға қанша қаражат жұмсалатынын да есептеп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы республикалық жоғары техникалық колледжінің бірінші курс студенттеріміз. Аты-жөнім Наргиз Бақытжанова, жанымдағы курстасымның есімі Демеу Мирас. Біздің дайындаған жобамыз - қазавтотұрақ деп аталады. Яғни, бұл - жерасты автотұрағы. Жобаны жасауға белгілі бір проблемалардың түрткі болғанын атап өткім келеді. Көліктердің көптігі, тұрақтардың жетіспеушілігі, көлік апаттарының көбеюі, тұрақта тұрған көлік саймандарының, бөлшектерінің ұрлануы, сонымен қатар балаларға қатысты жол-көлік оқиғасы мәселелерінің бары белгілі. Өзіміздің жобамыз арқылы проблемалардың шешімін таба аламыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Наргиз Бақытжанова елордадағы Назарбаев Орталығында робототехника бойынша өтіп жатқан «KazRoboProject-2019» респубикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауында.
null

Жас өнертапқыштың айтуына қарағанда, қазавтотұрақ арқылы көліктерді қауіпсіз жерге орналастыруға болады. Жоба көліктердің ұры-қарыдан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бастысы, көліктер балалар ойнайтын аулада тұрмайтын болады.

Қазавтотұрақ жобасы арқылы өнертапқыштар үлкен лифт құралпы құрылғымен көлікті жер астындағы сөрелерге орналастыруды көздейді. Наргиз Бақытжанованың айтуына қарағанда, автотұрақтың үлкендігі көліктердің сұранысына қарай орналастырылады. Жастардың сөзінше, дәл осы бір ғана қазавтотұраққа елуге дейін көлікті орналастыруға болады.
null

«Токио мен Ресейдің бірнеше қаласында дәл осындай қозғалмалы автотұрақтар баршылық. Егер іс жүзінде бұл жобаны жүзеге асыратын болсақ, жаңадан салынып жатқан үйлердің жанынан салуға әбден болады. Үйді салатын құрылыс компанияларымен бірге жұмыс жүргізгіміз келеді. Себебі, дайын үйдің немесе сауда орталығының жанынан салу үшін арнайы орын керек болады», - дейді Наргиз Бақытжанова.

Жас өнертапқыштардан жобаны іске асыру үшін қанша қаражаттың керектігін сұрап көрдік. Олардың айтуынша, дәл осындай бір қазавтотұраққа 11 млн теңге әбден жеткілікті.

null null

Соңғы жаңалықтар