Жас өлкетанушылар Сарыарқаның танымал тұлғаларын зерттеп жүр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы өтті. Жас зерттеушілер «Сарыарқаның ұлы тұлғалары. Знаменитые люди Сарыарки» атты жұмысты талқыға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб отырысында өлкетанушылар өз жұмысын бөлісті. Осылайша, Алла Шалимова Қарағандының тұңғыш дәрігері Герман Алалыкин туралы, ал Ясмин Байсерік құрметті шахтер Түсіп Күзембаевтың тағдыры туралы айтып берді.

Клуб мүшелерінің зерттеулері жалғасып жатыр.

Нәтижелер Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ археология және этнография мұражайы өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі отырыста «Сарыарқа далалық өркениеттің алтын бесігі» дөңгелек үстелінде жарияланады.

Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.

Оның мүшелері – өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балалар.


Соңғы жаңалықтар