Жас офицерлер қаржы полициясы мен кеден органдарының қатарын толықтырды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Еліміздің қаржы полициясы мен кеден органдарының қатарын Қаржы полициясы академиясын бітірген 100-ден астам жас қызметкер толықтырды.

Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Аталған агенттіктің хабарлауынша, маусымның 19-ы күні тыңдаушыларға «Құқық қорғау қызметі», «Кеден қызметі» мамандықтары бойынша дипломдар мен ерекше үлгідегі үздік дипломдарды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары А.Лукин салтанатты жағдайда тапсырған.

Қаржы полициясы академиясы өзінің 11 жылдық тарихында мемлекеттің білім беру деңгейіндегі ұстанымен нығайтып, мемлекеттің құқық қорғау ведомстволары (қаржы полициясы, кеден органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті) үшін мамандар даярлайтын бірден бір жоғары оқу орны болып табылатынын дәлелдеді. Сонымен бірге, Қаржы полициясы академиясы Қазақстанның, сондай-ақ ТМД елдерінің білім беру үрдісінде құқық қорғау жүйесінің мамандандырылған жоғары оқу орындары арасындағы ең айтулы және беделді білім ошағы екендігін көрсете білді.

Қысқа мерзімнің ішінде Қаржы полициясы академиясында заманауи материалдық-техникалық база құрылды. Заң ғылымының және құқықтық білім берудің дамуына үлес қоса отырып, ғылым мен құқық қолдану тәжірибесінің байланысын нығайтатын біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрамды қалыптастыра алды. Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары ғылыми конференцияларға белсене қатысады, экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу және тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар жасайды.

Соңғы жаңалықтар