Жас қыз миына ота жасалған кезде дәрігерлермен сөйлесіп жатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пациент қыз бас миының ісігін алып тастау отасы кезінде дәрігерлермен сөйлесіп жатты. Бұл Полтшаның оңтүстік-шығысындағы Катовица қаласының Орталық клиникалық ауруханасында болды, деп жазады The Mirror.

19 жастағы Ига Ясика (Iga Jasica) ота аяқталғанша оянып кеткен. Оның бас миы ашық күйінде болды. Хирургтардың пікірінше, бұл күйіндегі әңгімелесу оның денсаулығына еш қауіп төндірген жоқ. «Оған ешқандай қауіп төнген жоқ», - деп мәлімдеді бойжеткенге ота жасаған профессор Давид Лариж (Dawid Larysz). Бойжеткен бұл кезде дәрігерлермен сүйікті мысықтары туралы әңгімелескен.

Соңғы жаңалықтар