Жас көшбасшылар ел жастарын «100 жаңа есім» жобасына қатысуға шақырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар ұйымдарының көшбасшылары ел жастарын «100 жаңа есім» жобасына қатысуға шақырады. Аталған жоба жастарға танымал болып қана қоймай, өз мүмкіндіктерін іске асыру мен еліміздің дамуына үлес қосуы жолында маңызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын еліміздің жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті. Кездесуге жастармен қоса еліміздегі жастар ұйымдарының басшылары, белсенділері, сол сияқты  «100 жаңа есім» жобасының өткен жылғы жеңімпаздары қатысты.

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында 6 бағыт бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі - «100 жаңа есім» жобасы. Бізде 18 млн халық болса, соның 4 млн-ы - жастар. Бүгінгі кездесудің мақсаты - аталған жобаға сол жастарды көптеп тарту. Өйткені бұл жобаның мақсаты белгілі бір саланың басын ұстап жетістікке жеткен, өз болашағын өзі жасап қана қоймай, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды ел алдына шығару. Ал бізде бұл қатардағы жастар баршылық, көбісі оларды біле бермейді. Біз соларды осы жобаға белсене қатысуға шақырамыз», - деді ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитеттің басшысы қызметін атқарушы Асхат Оралов.

Бұдан бұрынырақ хабарлағанымыздай елімізде «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды. 

 

Соңғы жаңалықтар