Жас қазақстандықтар отбасы, достық және денсаулықты басты құндылықтар деп санайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық отбасы - 82,5%, екінші орында денсаулық – 45,6%, үшінші орында достық - 23,1%.

Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн. Жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен қарайды.


Соңғы жаңалықтар