Жас қазақстандықтар Отанын шетелге айырбастауға құштар емес - зерттеу нәтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас қазақстандықтардың көбі ел ішінде ары-бері көшуді қолай көргенімен, шетелге қоныс аударуға аса құштар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап.

Ғылыми-зерттеу орталығының қорытындысына сүйенсек, Қазақстанда сауалнамаға қатысқан жастардың 63,7 пайызы жайлы өмір үшін шетелге көшіп кетуге дайын емес. Тек сұралғандардың 8,7 пайызы ғана тұрақты мекенін ауыстырып, елден кетуге ниет білдірген.

«Жастардың көшуге құштарлығының негізгі себебі - әлеуметтік мәртебесін көтеруге деген құлшыныс. Жастардың 15,2 пайызы тұрақты мекенін ауыстырғысы келгенімен, ел ішінде қалуды көздейді. Осы 15,2 пайыздың ішіндегі жастардың 6,2 пайызы өзі өмір сүріп жатқан облыста қалуға ниетті. Ал 9 пайызы Қазақстанның басқа аймақтарында өмір сүргісі келеді», - деген шешімге келген зерттеушілер.

Көп жағдайда қазақстандық жастар ТМД елдеріне көшуге ниет білдіреді. 


фото:instagram.com/jambaykz/

Соңғы жаңалықтар