Жас кәсіпкер Елбасына Қазақстанның имиджін көтеретін жобасын таныстырды - Жастар жылы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында жас кәсіпкер Расул Абдуллаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің имиджін көтеруге бағытталған жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Жастар жылында Сізге шартты атауы Қазақстан Республикасының Маркетинг министрлігі деген жобасын ұсынбақпын. Оның миссиясы - Қазақстанды әлемдік аренада рембрендингілеу. Бұл барлық ведомстволарды дамыту мен қолдауда, PR-қызметтерін жақсартуға, «Рухани жаңғыру» идеологиямыздың танымалдығын арттыруға мүмкіндік берер еді»,- деді Расул Абдуллаев.

Сонымен қатар ол «Кекс» агенттігінің көмегімен Қазақстан нарығын қамтитын түрлі жобаларды жасап жатқандықтарын да айтты. Мәселен, «You Frame Burger» мейрамханалар желісі бүгінде «Burger King» және «McDonalds» сынды брендтерге бәсекелес болып отыр. Расул алдағы 5 жылда дәл осындай 100-ден астам мерйамхана ашуды жоспарлауда.

«Алдағы жылдары жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Ең алдымен бұл - елімізде 4,1 млн жазылушы аудиториясы бар және күнделіктікті 20 млн көрсетілімді қамтитын «YouFrame» шығармашылық бірлестігі. Біздің ұжымның миссиясы - әлем бойынша қазақстандық контент құру. Біз шетелдік нарыққа да кіріп жатырмыз және Ресейдегі аудиторямыз бір миллион адамнан асты. Біздің шығармашылығымыз әлемді таң қалдырмақпыз», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар