«Жас қанат-2018» конкурсының қатысушылары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жас қанат» 27-ші республикалық жас әншілер конкурсы басталады. Едің беделді музыкалық жобаларының бірі 25-27 мамырда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат конкурстың баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Әр жылдары байқауда лауреат атанғандардың ішінде Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, "Үркер" тобы, Бақыт Шадаева, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Жанна Саттарова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетова, Жанар Дұғалова, Маржан Арапбаева, "MeloMen" тобы, Димаш Құдайберген бар.

Биыл «Жас қанатта» 12 қатысушы бақ сынайды.

«Жас қанат-2018» конкурсында іріктеуден өткен қатысушылар:

Арманай Әбдімомынова - Қарағанды;

Бақтияр Ақылбек - Астана;

Нұрай Ғаниқызы - Тараз;

Диас Кәрімжанов - Астана;

Нұрдәулет Қуандықұлы - Ақтөбе облысы;

Риза Мағзом - Орал;

Дәмел Ортамышева - Петропавл;

Замира Сағадиева - Астана;

Сымбат Сейілханова - Алматы;

Жанболат Таласбай - Тараз;

Аян Тасыров - Алматы;

Сәуле Тыныштықова - Тараз.

Қатысушылар өздерінің өнерін 3 сайыстық кезеңде көрсететін болады. Жас әншілер қатаң әділ қазылардың алдында 3 күн бойы өнерін көрсетеді. Ақтық сынға тек 3 үміткер өтеді.

Соңғы жаңалықтар