«Жас қанат-2017» байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Жас қанат-2017» республикалық жас орындаушылар байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқаудың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтық сында «Алтын қанат» үшін 5 конкурсант бақ таластырды. Олар 18 жастағы талдықорғандық әнші Әнел Смайылова, Петропавлдан келген 20 жастағы Бүркіт Жанай, өскемендік IN CORO тобы, Алматының намысын қорғаған 15 жастағы Томирис Жанғазинова және Павлодардан 28 жастағы Мадияр Бақтияров.

Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау оңайға соқпады. Дегенмен, үздік әнші әрі «Жас қанаттың» биылғы «алтын қанатының» иегері анықталды. Ол - Мадияр Бақтияров.

Екінші орын және «күміс қанат» Бүркіт Жанайға, үшінші орын және «қола қанат» IN CORO тобына бұйырды. 

Еске салайық, «Жас Қанаттың» 2016 жылғы жеңімпазы Семей қаласының жас орындаушысы Парасат Отан болды. 

Соңғы жаңалықтар