Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру бойынша конкурс жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жас ғалымдар – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде конкурс 2023-2025 жылдарға арналған.

Өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:

– су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– энергетика және машина жасау;

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– өмір және денсаулық туралы ғылым;

– ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурсқа өтінім қабылдау 3 – 31 қазан аралығында https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар