Жас ғалымдар жоғары кәсіби деңгейімен ғана емес, Отансүйгіштігімен де ерекшеленеді— Ермек Тоқтаров

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — «Қазақстандық жас ғалымдардың қазіргі ұрпағы тәуелсіздік жылдарында қалыптасты»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев қорының Ғылыми кеңесінің төрағасы, PhD докторы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-нің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров.

Ол туралы «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты І Халықаралық жас ғалымдар форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жас ғалымдар жоғары кәсіби деңгейімен ғана емес, Отансүйгіштігімен де ерекшеленеді.

«Әр жоба мен әрбір жаңа ғылыми жаңалық елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлді. Оның бастамасы бойынша қазіргі Ғылыми кеңес 2007 жылы құрылды. Елбасының қолдауының арқасында мыңдаған жас таланттар ғылымдағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алды» деді спикер.


Соңғы жаңалықтар