Жас ғалым жобасы бойынша өтінім қабылдау мерзімі ұзарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімі 14 қарашаға дейін ұзарды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ғылым комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылы 29 қыркүйекте жарияланған «Жас ғалым» жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдардың жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімі 2022 жылғы 14 қарашаға дейін ұзарды», - делінген мәлімдемеде.

Аталған жобаға ұсынылатын ғылыми жұмыстардың басым бағыттары:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану;

- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Энергетика және машина жасау;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

- Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және мамандырылған ғылыми зерттеулер.


Соңғы жаңалықтар