Жас дизайнер: Әлемді жақсы жаққа өзгертіп, түрлі түске «бояғым» келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коко Шанель, Карл Лагерфельд, Кристиан Диор, Ив Сен-Лоран. Сән әлемінде аты аңызға айналған бұл тұлғаларды білмейтін адам кем де кем. Жыл өткен сайын адамдардың сәнге қатысты талғамы өзгеріп отырады, бірақ бұл тұлғалардың есімі ел есінен кетпесі анық. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – қазақстандық жас дизайнер Лааль Авгамбаева да осы дәуірдің сән әлеміне қатысты атақты шебері болғысы келеді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында ол Ұлыбританияға барып оқитынын, сән әлеміне қалай жолдама алғаны және дизайнер ретінде артында қандай із қалдырғысы келетіні туралы айтты.

- Арманға жетуге деген алғашқы қадамыңыз қашан басталды? Неге осы саланы таңдадыңыз?

- Бала кезімнен болашақта кім болатыным туралы сұрақ туындап көрмеген, себебі ес білгелі дизайнер болуды қалағанымды білемін. Екі жасымда болашақта дизайнер болатынымды айтқанмын. Не себепті олай айтқанымды білмеймін, бірақ ол арманым әлі күнге дейін өзгерген жоқ. демек осылай болуы керек болған. Анам сән индустриясында жұмыс істеді, ол суретші әрі арт-студияның негізін қалаушы. Он бес жасыма дейін fashion-қуыршақтар қауымдастығының мүшесі болғанмын. 12 жасымнан бастап әлемнің түкпір-түкпіріндегі коллекционерлер үшін киім тіккенмін. Колледждің бірінші курсында оқып жүрген кезімде, 16 жасымда жас дизайнерлердің New Generation Open Waу деп аталатын халықаралық конкурсына қатысып, үш жеңімпаздың бірі болдым. Марапат ретінде Қазақстандағы, Әзербайжандағы және Ресейдегі сән апталығына қатысуға жолдама алдым.


- Өзіңізді дизайнер ретінде қалай дамытасыз? Бұл өнер түрін қалай үйрендіңіз?

- Менің анам – педагог. Мен анамның студиясында дизайнерлік бағыт бойынша білімімді шыңдай бастадым. Мектепте оқу жағынан мінсіз болуға тырыспайынмын, бірақ Дүниежүзілік тарих пен Әлемдік көркем өнерді бар ынтаммен оқыдым. Кейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжіне оқуға түстім. Ол жерде шабытыма шабыт қосылып, өз стилімді дамытып, жұмыс қарқынын жылдамдатуды үйрендім. Колледжде үш жыл бойы үйренгенім, жетістігім осы болды. Кез келген тақырыпта және кез келген уақытта жұмысқа кірісіп кете аламын.


- Жас болсаңыз да сіздің жұмыстарыңыз айтарлықтай күрделі, өз ерекшелігі бар. Сұхбаттарыңыздың бірінде өзіңізді дизайнерден гөрі тарихшы санайтыныңызды айтыпсыз. Жұмыстарыңызда тарихи образдарға қатысты бөлшектер көптеп кездеседі. Осы тұрғыда сіздің алған бағытыңыз қандай екенін айта аласыз ба?

- Менің жұмыстарым – тарихты, белгілі бір мәдени ағымдар менің көзқарасыммен қалай көрінетінін көрсетеді. Менің шабытымның қайнар көзі – тарих пен мәдениет. Уақыт өте келе мені шабыттандыратын тақырып аясы кеңейе түсетін шығар.


- Қандай мата түрлерімен жұмыс істейсіз? Синтетикалық матадан жасалған киім киген адам ерте қартаятыны туралы да айттыңыз. Қазақстандықтарға қандай матадан тігілген киім киюге кеңес бересіз?

- Табиғи матадан тігілген киімнің адам денсаулығына да, табиғатқа да тигізер зияны жоқ. табиғатты қорғап қалудың жалғыз тәсілі – химиядан бас тарту.

- Алғашқы көрсетіліміңіз, дебютіңіз есіңізде ме? Соған тоқталып өтсеңіз...

- Есімде жоқ. есімде қалғаны – түрлі-түсті түстер, Kazakhstan Fashion Week жобасының арт-директоры Алексей Чженнің айтқан кеңестері. Күйгелектікке бой алдырмай, жұмыс барысында өзімді жақсы сезініп, дұрыс бағытты таңдағанымды түсінгенмін.


- New generation Open Way 2018 – қазақстандық сән апталығына қалай тап болдыңыз? Одан қандай тәжірибе алдыңыз?

- Колледжге түсерден бір жыл бұрын мен отбасымның сол кездегі экономикалық және әлеуметтік жағдайын ескермей, тек өзімнің армандарыма негізделген өмірлік жоспар құрып тастағанмын. Осылайша арманымның қаңқасы пайда болды: байқау – жүлделі орын – сән апталығы. Қазақстандағы сән апталығына қатысу – менің өмірімдегі ең бағалы тәжірибенің бірі болды. Бұл колледжде оқыған 3 жылда алған тәжірибеме қарағанда маңыздырақ тәжірибе болған сияқты. Ересектерге қажетті тәжірибе алу – үйренудің ең жақсы тәсілі.


- Ұлыбританиядағы University of Gloucestershire оқу орнына түсіпсіз. Іріктеуден қалай өттіңіз?

- Бұл – толық ақылы түрде оқитын оқу. Мені бірден бакалавриатқа қабылдап, айтарлықтай жеңілдік жасады. Британияда британиялық студенттер де, шетелдік студенттер де өтетін Art-Foundation жүйесі бар, бірақ басшылық мені бірден бакалавриатқа шақырды. Ол жақта болашақ өмірін дәл осы саламен байланыстыратындарын дәлелдегендерге ғана грант беріледі. Өйтпеген жағдайда мемлекет болашағын қандай мамандықпен байланыстырарын білмейтіндерге босқа қаражат жұмсаушы еді. Мен оқуға түсу үшін өзімнің оқушы ретінде және коммерциялық мақсатта жасаған үлгілерімді көрсеттім.

- Сізді не шабыттандырады?

- Суретшілерді кез келген нәрседен шабыт алуға үйретеді. Мысалы, сән әлеміне қатысы жоқ әлдебір затты береді де, соның негізінде коллекция жасау туралы тапсырма береді. Мені расымен кез келген нәрсе шабыттандырады. Фильм көргенді ұнатамын. Ол да маған шабыт сыйлайды. Әлемді жақсы жаққа өзгертіп, түрлі түске «бояғым» келеді. Сұлулық пен адам егіз ұғым, мен өз шығармашылығым арқылы осыны көрсеткім келеді. Ең басыты – бір орында тұрып қалмай, алға қарай ұмтылу керек. Мен өзім жүрген саланы жақсы көремін, мені қозғайтын күш те – осы.

- Өзіңіз таңдаған салада нені өзгерткіңіз келеді?

- Қазіргі уақытта адамдардың таңдау мүмкіндігі көп. Барлық адамға ерік берілген. Бұрын сән әлемінің өзіне тән ережелері болған, ал қазір олай емес. Мүмкін бұл да дұрыс шығар: әр адам қандай киім үлгісін таңдайтынын, қандай кейіпте болғысы келетінін өзі таңдайды. Қазіргі уақытта бар күш-жігерімді оқуға қаражат жинауға жұмсап жатырмын. Портрет саламын, бірақ киім дизайнын жасаудан ешқашан алыстап кетпеймін. «Әлемдегі ең жас дизайнер» Start-Time жобасына қатысқандарға арнап портрет саламын. Сондай-ақ, киім-кешектің жаңа коллекциясын жасап жүрмін, бірақ бұл бірдесе жүзеге асырып жатқан жоюа болғандықтан – толық ақпаратты әзірге айта алмаймын...

- Сіз start-time.kz краудфандингті іске қостыңыз. Бұл туралы қайдан білдіңіз? Не үшін мұндай шешімге келдіңіз?

- Анам мені мен інімді жалғыз бағып-қағуда. Ол – суретші, әрі педагог. Ақылы оқуыма қаражат жеткіліксіз. Менің оқуыма қажетті қаражатты бірлесіп жинауға тырысамыз. Елең етіп, қолдау білдіргендерге алғысым зор!

- Алға қойған мақсатыңыз, жоспарыңызбен бөлісе аласыз ба?

- Өзім жүрген саланың кәсіби маманы болып, осы дәуірдің керемет шебері атанғым келеді. Қазіргі уақытта жас дизайнерлер өте көп, әр күн сайын жаңа есімді біліп жатамыз, бірақ әлі күнге дейін Лагерфельд сияқты тұлға туған жоқ. Кензоның өмірден озғанына көп болған жоқ, биыл МакКуиннің өмірден озғанына он жыл болады. Дәл сондай тұлғалар – саусақпен санарлықтай ғана. Мен солардың ізін басып, ісін жалғастырғым келеді. Аталған тұлғалардың ізін лайықты түрде жалқастырушылар ішінде қар де бір қазақтың есімі жоқ, мен бұл олқылықтың орнын толтырғым келеді. Қазақстан туралы бірнеше талантты әншілер арқылы ғана білетіндер бар, бұл аздық етеді.

- Коронавирус індеті кезінде уақытыңыз қалай өтті?

- Бұл мен үшін өте ауыр жағдай болды. Мен қарбалас өмірге, ештеңеге қолым тимей жүруге үйреніп қалған адаммын. Оқу мен 14-15 сағаттық жұмыс күнін қосқанда бұлай шаршап көрмегем. Өмірімде бұдан артық жаман нәрсе болып көрмеген сияқты сезімде болдым. Коронавирус індеті басталғанға дейін мені Париж, Лондон, Нью-Йоркте өтетін сән апталығына шақырған еді. Бұл туралы карантин басталғаннан кейін он күн өткеннен ейін білдім. Алдағы уақытта тағы да осындай мүмкіндік туады, бірақ мен білім алатын, тәжірибе жинайтын уақытымды босқа өткізіп алғым келмейді.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет!



Соңғы жаңалықтар