Жас дипломаттарға латын әліпбиі үйретіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілі латын әліпбиіне көшірілетініне байланысты еліміздің жас дипломаттарына арнайы курс басталады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Латын әліпбиіне жоспарлы түрде өту мақсатында ағымдағы жылы Мемлекеттік басқару академиясымен жас дипломаттарымызға арналған арнайы оқыту курсын бастаймыз», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол жыл сайын Сыртқы істер министрлігінде жас дипломаттардың мемлекеттік және шетел тілін білу деңгейін көтеруге бағытталған арнайы курстар ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Мәселен, испан, ағылшын және басқа да тілдер тілдің тасымалдаушысы саналатын кәсіби оқытушыларды шақыру арқылы оқытылады. Қызметкерлер тұрақты түрде аттестациядан өткізіледі. Оның барысында келешегі зор жастарды анықтаймыз және оларды қолдауға және ілгерілетуге тырысамыз», - деді ол.
null

Роман Василенко ағымдағы жылы бас дипломаттар Германия, Жапония, Мысыр, Франция сынды елдерде 10-нан астам халықаралық тағылымдамадан өтетінін айтты. Бұл жұмыс еліміздің Сыртқы істер министрлігінің не болмаса шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

«Бұған қоса, 2019 жылдың 1-5 шілдесі аралығында Лондонда өтетін жас дипломаттар форумына жастарымызды жіберу мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді ҚР СІМ орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде Сыртқы істер министрлігінің 289 жас дипломат жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар