Жас дарынның әлемге айтары бар: Қазақ «Моцартының» өнері туралы бір пікір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қазан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында жас композитор және пианист, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты,  Италияның Santa Cecilia di Bergamo музыка академиясының докторанты 19 жастағы Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық кеші өтті. Осыған орай Астана тұрғыны Гүлнар Рахметованың концерттен түйген ой-пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

«Кеш барысында жас дарын 8 үздік туындыны орындады. Олардың қатарында «Романтизм жаңғырығы», «Өмірге құштарлық», «Тәңір тұрағы», «Нұрлы жол»  және «Тым-тырыстың тырсылы» шығармалары бар. Олардың бесеуі - Қазақстандағы премьера. Фортепиано және симфониялық оркестр үшін арнайы жазылған екеуін автордың өзі орындап шықты.

Бұл жас азаматты Моцартпен салыстырады - оның бойында музыка данышпаны ерте оянды. Моцарттың қасында әрдайым әкесі жүріп, музыканттың бес жасынан бастап, оның концерттеріне атақты музыка бағалаушыларын шақыртқан. Паганинидің де жанында қатал болса да, әкесі жүрді. Әлемді таңқалдырған әрбір жас таланттың жанында оны ынталандырып отыратын жақындары болды. Егер балаңның әлемге ұсынар тамаша өнері немесе қабілеті болса, оған көмектес, көкжиектерін анықта! Рахат-Би Әбдісағиннің әкесі Төлеген Қожамқұлов та баласына алғашқы ұстаз әрі бірінші сыншы бола білген.

Мұндағы бастысы - жас жігіттің ерте жасынан бастап бізге айтары бар. Бір қарағанда, он тоғыз жастағы жігіт өзінен үш есе үлкен маған не жайында айтуы мүмкін? Тыңдамаған, оқымаған, көріп үлгермегенімнің орнын тәжірибеммен өтей аламын. Бірақ жүрегім тыныш таппағанда неге мен оның «Күн сәулесіне ұмтыл», «Өмірге құштарлығын»  немесе «Қазақ рапсодиясын» қосамын? Қосамын да, автордың жеке орындауындағы бұл туындыларды сансыз рет тыңдап, еңіреп жылап жібере жаздаған сезімімді тыйып, күнделікті өмірдің сұрқиялығы мен қарапайым қарбаласынан тазарып қалғанымды сезінем. Талант жасқа бағынбайды.

Сондықтан, бірнеше апта бұрын жас композитордың отбасы елордаға келгенін естіп, оның туындыларын өз орындауында тыңдауға шақыру алғанда, қуана келістім. Себебі, оның туындыларының көбі ғаламторда жоқ. Олай болғанымен, Батыс, Шығыс және Ресейдегі ең беделді фестивальдер осы туындылармен ашылып, олардың партитуралары тарихы үлкен, абыройы талассыз музыкалық туындыларды жариялауды өздеріне атақ деп санайды.

Сендерге айтайын - музыканы әуелі бөлшектеп, одан кейін бұдан жаңа туынды жасауға тырысқан жас композитор-экспериментатордың ойын бағу мүмкіндігін мен толық пайдаландым. Концертте орындалған авангард туындылардың барлығы симфониялық оркестр үшін жанрмен ерекшеленіп, жас адамның әлем, өмір, өзі туралы терең білу мен сезіну жүгін арқалап келеді. «Құдай үйінде» ғарыш аласапыраны какофониясынан тас қараңғыда жарықтың жіңішке кесіндісі пайда болып, көз алдымда бүкіл спектрмен өтіп, ақыры аппақ болғанын бақылау қызық болды. Бұл жарық қоршаған әлемді құрылымдайды. Скрипкалардың қисынсыз, бөлшектелген ойынының артын сыбызғының жасқаншақ, басында жалпақ дыбысы, одан кейін виолончельдің сенімді консонансы жалғастырады - гармония келіп, Жер жүзінің жасырын бөліктеріне өтеді, іс жүзінде бұл - адамның рухы. Себебі Құдайдың үйі - адам.

Рахат-Би Әбдісағин әмбебап өнерін тағы бір көрсетті. Ол бізге осындай тосынсыйларды әлі талай көрсететін болады. Концертте Ресейден келген қонақ, Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының композиторы әрі профессоры Юрий Каспаровтың сөзімен айтсақ, «Рахат-Бидің бізге он жылдан кейін қандай сыйлық жасайтынын ойлау қорқынышты».

Соңғы жаңалықтар