Жас әйел ғаламтордың арқасында өзінен обыр ауруын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер одан көлемі қауын сияқты ісікті байқамаса да, жас әйел ғаламтордың арқасында өзінен обыр ауруын анықтаған.

Ұлыбританияның тұрғыны Сэди Рэнс өзіне диагнозды Google арқылы қойды. Әйел Google іздеу жүйесі арқылы өзінен аналық безінің обырын анықтаған. Дәрігерлер болса, алғашында оның ішектерінің проблемалары бар деп айтты. 23 жастағы Сэди Рэнстің өткен тесті бойынша ол обырдың тоғыз белгісінің ішінен өзінде сегізінің барын анықтады. Жас әйел дәрігерлерге екінші рет барғанда, медициналық қызметкерлер оның төртінші дәрежедегі обыр ауруына шалдыққанын айтты, деп жазады Metro. Әйел оларға асқазаны ауырып барған еді.

Дәрігерлер Сэдиден ішектердің ісінуі синдромын анықтаған. «Мен өз денемді білемін, мәселе басқада болғанын нақты айта аламын», - деп баяндайды бойжеткен. Сонда Сэди ғаламторға жүгініп, өз ауруының барлық белгілерін атап, нәтижесінде обыр ауруына шалдыққанын білді.

Соңғы жаңалықтар