Жас әскерилер Күләш Байсейітова шыңын бағындырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық әскери-патриоттық клубының өрендері Күләш Байсейітова шыңына Қазақстанның көкбайрағын тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте жатқан шыңды бағындырды.

Қалалық «Киров» әскери-патриоттық клубының түлектері Қазақстанның мемлекеттік туын Тәуелсіздік күні қарсаңында К.Байсейітова шыңына, халыққа белгілі Шымбұлаққа қойды.

null   Бұл жастардың  бүкіл қазақстандықтарға 16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай тартқан тартуы.

11 және 18 жас аралығындағы жеткіншектер алпинизммен және шыңды бағындырумен шұғылданады. Жас альпинистер шыңға көтерілу үшін алты айлық  қажетті дағдыларды меңгерген.

Оларға жеңіл атлетикалық және арнайы  жаттығулардан кейін ғана тауға шығуға рұқсат етілді.null

Қыста шыңға шығудан бұрын, балалар ең алдымен теңіз деңгейінен 4000 метр жоғары орналасқан кішігірім тауларға жол тартады. Ал содан кейін физикалық, тактикалық шынығып, шеберлікті жинақтай отырып, төрт жарым мың метрге дейін жетеді.

Жас жауынгерлердің взводы тау-кен және альпинизм бойынша жаттығуларға арналған жеті күндік жаттығу дайындығынан өтті.null

Олармен тәжірибелі альпинистер командасы «Киров» әскери-патриоттық клубының жетекшісі тау туризмі мен альпинизмінде 16 жыл тәжірибесі бар Бақытжан Пірімбет, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын құтқарушысы Павел Майоров пен медициналық қызмет лейтенанты Наталья Островская бірге жүрді.

Күләш Байсейітова шыңына көтерілу 9 сағатқа созылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жастар тапсырманы ойдағыдай орындады. Оқушы Карина Рубанның айтуынша, Қазақстанның туын тау шыңында Тәуелсіздік күніне орай көтеру - жас патриоттар үшін үлкен жауапкершілік және үлкен абырой.

Бүгінгі таңда жасөспірімдер бағындырған Панфилов, Пионерлер, Амангелді, Молодежный, Кеңестер, Комсомол, Фурманов және Панорама шыңдарының қатарына Күләш Байсейітова шыңы қосылды.

Соңғы жаңалықтар