Жас архившілердің VI халықаралық жазғы мектебі басталады

None
Фото: ҚР Президент архиві
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас архившілердің VI халықаралық жазғы мектебі 2023 жылдың 7-9 маусым аралығында өтеді.

Жазғы мектептің ұйымдаcтырушылары - Президент архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті.

Оның жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Танзания, Түркіменстаннан 100-ден астам архивші қатысады.

Жазғы мектепте Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің ғалымдары мен тәжірибелі мамандары архив ісі бойынша дәріс оқиды.

7 маусым сағат 10.00-де (Астана уақытымен, GMT +6) Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде VI Халықаралық жас архившілердің жазғы мектебінің ресми ашылу рәсімі өтеді.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің басшылығы, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь пен Өзбекстан, Ресейдің архив мекемелерінің басшылары қатысады.


Соңғы жаңалықтар