+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жас ақын-жазушылар мүшайрасына 10 мыңға жуық адам қатысты - Алматы

2015 жылғы 6 қыркүйек 01:12
Бөлісіңіз:
Жас ақын-жазушылар мүшайрасына 10 мыңға жуық адам қатысты - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мәдениет және демалыс орталық саябағында ұйымдастырылған KitapFest кітап фестивалі барысында жас ақын-жазушылардың мүшайрасы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша оған 10 мыңдай адам қатысты.

«Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты адамдар кітапты тым сирек оқитын болып барады. Оқыса да көбінесе орыс тілінде шет елдік авторларды оқиды. Бірақ, Қазақстанда да дарынды ақын-жазушылар жетерлік. Тек, оларды оқырмандар біле бермейді. Сондықтан, біз жас ақын-жазушыларымызды және олардың туындыларын халыққа таныту үшін осы «Жазушылар шатырын » ұйымдастырдық. Оған 200-дей жас ақын-жазушы қатысты. Бірақ, барлығы сахнаға шыққан жоқ, тек 20-дан астамы ғана шығып, өзін және өзі жазған шығармаларын көрермендерге таныстырды. Шығармаларынан үзінділер оқыды. Басқосуға «Жазушылар шатырына» келіп кеткен адамдар саны 10 мыңдай болды», - деді өз сөзінде Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, жазушы Бекнұр Қисықов.

Айта кетелік, бүгінгі шығармашылық кешке Дастан Қадыржанов, Бақытжан Бұқарбай, Қанат Тасыбеков, Аян Құдайқұлова сынды жас жазушылар да қатысты.

Бүгін фестиваль аясында «Алматы қалалық орталықтандырылған кітапхана желісі» Мемлекеттік мекемесі бірқатар кітап көрмесін ұйымдастырды. Олардың ішінде Жеңістің 70 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кітап көрмелерін айтуға болады.

KitapFest кітап фестивалі Қала күнін атап өту мерекелік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT