Жарылыстан жапа шеккен студенттердің 80 пайызында есту қабілеті нашарлаған - Қалалық денсаулық сақтау басқармасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматылық дәрігерлер колледжде болған жарылыстан жапа шеккен студенттердің денсаулығы жайлы айтып берді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жанат Қасымжанованың айтуынша, олардың 80 пайызының есту қабілеті нашарлап кеткен.

«Жарылыс толқыны балалардың есту қабілетіне әсер еткен. Олардың 80 пайызында есту қабілетінің нашарлағанын байқаймыз. Қатты дүмпудің салдарынан құлақтың дабыл жарғағына түрлі дәрежеде зақым келген. Белгілі болғандай, бұл балаларға кейін есту қабілетін жақсарту үшін медициналық көмек талап етіледі. Біз негізі осылай боларын шамаладық», - деді Ж.Қасымжанова.

Оның айтуынша, қазір науқас балалармен аудиологтар, құлақ дәрігерлері жұмыс жасап жатыр. Балалардың есту қабілеті қайтадан орнына келеді, дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 17-інде Алматыдағы колледжде қол гранатасының жарылуы рын алған еді. Оқыс оқиға салдарынан 1 қыз қаза болып, 12 бала ауруханаға түсті. Қазір олардың 2-інің жағдайы әлі де ауыр.

Соңғы жаңалықтар