Жарылыстан зардап шеккен студенттер «Алматы» шипажайында оңалту шарасынан өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Сән және дизайн колледжінде БӘД сабағы кезінде болған жарылыста зардап шеккен 12 бала «Алматы» шипажайында оңалту шарасынан өтеді. Бұл туралы Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова айтты.

«Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың бұйрығымен жарылыстан жапа шеккен 12 бала «Алматы» шипажайында оңалтудан өтеді. Ғылыми институттардың мамандары, үздік дәрігерлер 4 күн бойы науқастардың жанын алып қалу үшін барын салды. Олар қатты шошынған. 10 күн олар үшін өте ауыр. Жарылыстың зардабы кейін оларды денсаулығынан шығуы да мүмкін. Оңалту шарасын бекер жасағалы отырған жоқпыз. Біз олардың денсаулығын одан әрі бақылайтын боламыз», -деді Жанат Қасымжанова.

Қазір жағдайы ауыр деген 5 баланың үшеуі жан сақтау бөлімінен өзге бөлімшелерге ауыстырылды. Қалған Максим Ерошович пен Юлия Карпенконың денсаулығы әлі де ауыр. Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада Алматы Сән және дизайн колледжінде БӘД сабағы кезінде граната жарылған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, ТЖ салдарынан тәлімгердің біреуі қаза тауып, 12 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың 5-іне күрделі ота жасалды.

Соңғы жаңалықтар