Жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдірді. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

«Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста», - деп жазды СІМ-нен.

Айта кетейік, бұған дейін Стамбулдың орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар