Жарылыс қаупінен шошыған жолаушылар ұшақтан секірді

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Лайнер әжетханасынан бортта жарылыс болатындығы жайлы хабарлама табылғаннан кейін, қатты үрейленген 42 жолаушы ұшақтан секіріп кетті.

Бұл оқиға Австралияның Олбери әуежайындағы ұшып-қону жолағында болды.

Келеңсіз жағдайдан кейін хабарламаны қалдырды деп күдіктелген жолаушылардың бірі қамауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ бортында дүрбелең шыққаннан кейін, әлдекім: "Жүктеріңізді тастаңыздар. Тез шығар есікке қарай жүгіріңдер, жүгіріңдер!",- деп айқайлаған.

Соңғы жаңалықтар