Жарылыс болған қойманың маңайында қандай елді мекендер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймаға ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1 мыңнан астам адам тұрады. ҚР Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша олардың 710-ы облыс орталығыны аэвакуацияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметі таратөан мәлімет бойынша, өртеніп жатқан нысанға жақын жерде 3 елді мекен орналасқан. Атап айтсақ, Жібек жолы кенті жарылыс аумағынан 3 шақырым жерде тұр. Мұндағы тұрғындар саны - 378 адам. Үшбұлақ стансасы оқиға ошағынан 8 шақырымда жатыр. Халық саны – 216 адам. Ботамойнақ елді мекені оқиға орнынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 492 адам тұрады.

«Өрт нысанына жақын жерде 3 елді мекендегі халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. Қазір таңда 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. Жамбыл политехникалық колледжі мен Теміржол колледжінің, Қазақ-түрік колледжі мен Тараз сервис және технология колледжінің, Қант-зауыт колледжі мен №5, 6, 10, 44, 23, 9, 12, 8, 54,53 орта мектептердің базасында дайындалған эвакуациялау бекеттерін 128 адам паналауда. Қалған 582 адам туыстарының үйіне кеткен. Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін екі жедел желі ашылды. ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД телефондары – 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Соңғы ресми деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапқан.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі ауруханада жарылыстан зардап шеккен 27 адам жатқанын хабарлады. Оның алтауының жағдайы ауыр.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылыстан болғаннан бері 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланысу мүмкін болмай тұр.


Соңғы жаңалықтар