Жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан алматылық зейнеткер қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 63 жастағы ер адам жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

17 қазанда кешкі 21.28 шамасында белгісіз ер адам құқық қорғау органдарына хабарласып, Алматы әуежайында жарылғыш зат қойлығаны туралы жалған хабар берген. Суыт хабар түскен соң Алматы қаласы әуе көлігі прокуратурасы, Алматы ҰҚКД, ТЖД, Түрксіб аудандық ІІБ, Алматы-1 стансасының ЖІІБ жұмыла әрекет етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында біраз күшін сарп етті. Алайда, іздеу жұмыстарының нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмады. Хабар берді деген күдікпен «Жұлдыз-1» шағын ауданының тұрғыны, 1952 жылы туған А.Попков деген азамат ұсталып, ІІБ жеткізілді. Оған қарсы ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрксіб аудандық соты прокурордың шағымын тыңдай келе күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Енді А.Попков сот отырысы басталғанша қамауда болады. Айта кету керек, Қазақстан заңнамасы бойынша мұндай қылмыс жасағаны үшін күдіктіге 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Соңғы жаңалықтар