Жарықсыз сол жағалау: Тексеру жұмыстары жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Есілдің сол жағалауының басым бөлігін электр қуатынсыз қалдырған апатқа байланысты тексеру жұмыстары әлі аяқталмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Левобережная» шағын станциясының тапсырыс берушісі – «Астана қаласының даму бағдарламаларын әкімшілендіру жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі. Өрт «Астана LRT» құрылысына арналып шығарылған кабель арнасында басталған. Оның тапсырыс берушісі – «Астана LRT» ЖШС, мердігері «China Railway Asia – Europe Construction Investment Co., LTD» ЖШҚ болса, жұмыстарды орындаған қосалқы мердігер ұйымдар – «СК Кулагер» ЖШС мен «Элби Групп» ЖШС», - дейді тілшінің сұраухатына жауап берген Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл.
Оның айтуынша, нысандарды электр қуатының өшуі себептері мен лауазымды тұлғалар кінәсінің деңгейі туралы түбегейлі шешім арнайы құрылған комиссия жұмысының қорытындысы негізінде жасалады.
«Оқыс жағдай болған кезде апаттың салдарын жойған жұмыс бригадасына сыйақы берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша алдағы уақытта мұндай жағдайдың алдын алу үшін шаралар қолданылады», - дейді ол.
Еске сала кетсек, 10 қарашада ел астанасында Есіл өзеннің сол жағалауындағы кейбір ғимараттар жарықсыз қалған болатын. Осы апаттық жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы комиссия құруды тапсырды.
Кейін Нұр-Сұлтандағы апатты жағдайға байланысты құрылған комиссияның алғашқы отырысы өткізілді.
- Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар анықталды
- Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды
- Елорда көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді
-
Маңғыстауда көлік көп жүретін тас жол жарықтандырылады
-
Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңестің республикалық отырысы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам