+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Жарықсыз сол жағалау: Елорда ғимараттарына электр қуатын беру жұмысы жүріп жатыр

2019 жылғы 11 қараша 11:18
Бөлісіңіз:
Жарықсыз сол жағалау: Елорда ғимараттарына электр қуатын беру жұмысы жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түнгі сағат 02.04-те елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын стансасының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель желісі зақымданды. Соның салдарынан қаланың сол жағалауындағы кейбір тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар ғимаратқа электр энергиясы берілді

Олардың қатарында Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот, «Уют», «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус», «Вива плаза», «Алатау», «На водном зеленом бульваре», «Бәйтерек» монументі, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттары бар.

Апат орын алған сәттен бастап «Астана АРЭК» компаниясы жедел апатты жою шараларын қолға алып, елорда тұрғындарын да қажетті ақаратпен қамтамасыз етіп отырды.

«10 қараша түнгі сағат 02.04-те аталған стансаға қосылған нысандар электрмен жабдықтау желісінен апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель желісіне қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларын электр тоғы соғуын болдырмау үшін электрмен қамтудан ажыратылды. Құрамында 15 маман бар апат салдарын жою бригадасы 6 арнайы техника және қажетті жабдықтармен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригадалар нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда», - делінген компанияның ең бірінші таратқан хабарламасында.

Электр стансасында апат орын алғаннан кейін оқиға орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов те жетіп, жедел атқарылып жатқан шараларды жіті бақылауына алды.

«Левобережная» подстансасының кабель желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бригадалар сонымен бірге нысандарды ауыстырып қосу шараларын жүзеге асырып жатыр. Көшпелі дизель-генераторлар іске қосылды. Тұрғын үйлер мен нысандардың бөлігі өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі үшін электр желісінен ажыратылды. Жұмыстар жалғасуда. Апат себептерін тексеру басталды«, - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында.

Бүгін таңертең елорда әкімдігінің баспасөз қызметі әкімшілік және тұрғын ғимараттарға электр жарығы беріле бастағандығын хабарлады. Таратылған мәліметке сәйкес, Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот электрмен жабдықталды. Сонымен қатар, 9 көппәтерлі тұрғын үй жарықпен қамтылды, олар - «Уют», «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус», «Вива плаза», «Алатау», «На водном зеленом бульваре». Қазіргі уақытта «Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қала басшысы күні-түні тынбай жұмыс істеген АРЭК қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

«Электр желілерін қалпына келтірген АРЭК қызметкерлеріне алғыс айтамын», - деп жазды шаһар басшысы Instаgram парақшасында.

Естеріңізде болса, осыдан 1 жыл бұрын елорданың сол жағалауы жарықсыз қалған еді. Ол кезде құрылыс жұмыстары барысында «Шұбар ұяшығы 405» шағын стансасының кабелі қиылып, Шұбар шағын ауданы, Сарайшық пен Қонаев көшелері, «Нұрсая», «Арайлым», «Лазурный квартал», «Новый мир», «Версаль» тұрғын үйлерінің халқы электр энергиясынсыз қалған болатын.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT