Жарық пен суды өшіреді деген ақпарат шындыққа жанаспайды – Алматы әкімдігі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі «электр және су тоқтатылады» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электр және сумен жабдықтаудың күтілетін үзілістері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласының суық сумен жабдықтау және су бұру нысандарының барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Суық сумен жабдықтау және электр энергиясы үздіксіз қамтамасыз етіледі, су мен электр беруді өшіру жоспарланбайды»- деп хабарлады әкімдіктен.

Айта кетейік, Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды.

Террористерге қарсы арнайы операция барысында әуежай босатылды .



Соңғы жаңалықтар